
Иманбекова Шолпан Сембекқызы 1959 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
1976 жылы Жамбыл қаласындағы №3 орта мектепті бітіріп, Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетіне оқуға түсіп, оны 1982 жылы тәмамдаған.
Интернатурадан өткеннен кейін, 1983–1991 жылдар аралығында Көлік және коммуникация министрлігінің денсаулық сақтау жүйесінде дәрігер-терапевт болып қызмет атқарды. 1991 жылы Жамбыл қаласындағы теміржол ауруханасына бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалды. Кейін облыстық диагностикалық орталықта және облыстық ауруханада бас дәрігердің ұйымдастыру-экономикалық жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарды
2009–2017 жылдар аралығында Тараз қаласындағы №5 қалалық емхананың бас дәрігері қызметін атқарды.
Денсаулық сақтау саласындағы еңбек өтілі — 30 жылдан астам. Денсаулық сақтау саласының жоғары санатты ұйымдастырушысы.
Кәсіби қызметі мен еңбегі үшін келесі марапаттарға ие болды: 2007 жылы — «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісі; 2011 жылы — «Гиппократ» медалі; 2011 жылы — «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі; «Даңқ жұлдызы – Қазақстан экономикасы» ордені; 2014 жылы — «Жыл маманы – 2014» ұлттық сертификаты. Жамбыл облысы әкімінің және «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары.
2008 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының, Денсаулық сақтау ардагерлері кеңесінің және «Primary Health Care» ұлттық медициналық қауымдастығының мүшесі.
2012 жылы қалалық мәслихат депутаты болып сайланып, Тараз қаласы мәслихатының шешімімен «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Халықаралық жобаларға белсене қатысып, Финляндияда халықаралық ынтымақтастық бойынша тәжірибе алмасудан өткен.
Өмірлік ұстанымы — отандық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және халық игілігіне қызмет ету.

Кеңесбек Бекжан Айдарұлы 1995 жылғы 16 шілдеде Жамбыл облысы, Байзақ ауданында дүниеге келген. 2010–2013 жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Көпсалалы колледжінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды. 2013–2016 жылдары Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша, ал 2016–2018 жылдары аталған институтта «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алды.
Еңбек жолын 2013 жылғы 2 қазанда «Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде құжаттама құрылымдық бөлімшесінің жетекші маманы лауазымынан бастады. Бұл қызметті 2015 жылдың 7 тамызына дейін атқарды. Кейінгі кезеңдегі еңбек өтілі:
07.08.2015 – 12.01.2016ж. — Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппаратында құжаттама құрылымдық бөлімшесінің іс-жүргізу жөніндегі бас маманы; 13.01.2016 – 17.03.2016ж. — Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінде бас маман – кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы; 17.03.2016 – 17.06.2016ж. — қызметін қайта тағайындау негізінде сол бөлімшеде жұмысын жалғастырды; 17.06.2016 – 31.05.2017ж. — Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінде бас маман – комиссия хатшысы; 02.06.2017 – 09.08.2019 ж. — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы; 09.08.2019 – 17.03.2021 ж. — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде сол лауазымда қызметін жалғастырды; 17.03.2021 – 08.06.2022 ж. — аталған департаменттің әкімшілік басқармасының басшысы; 09.06.2022 – 14.09.2023ж. — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаментінде басқарманың бас сарапшысы; 15.09.2023 – 18.09.2024ж. — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әкімшілік департаментінің ұйымдастыру жұмысы бойынша басқармасының басшысы.
2024 жылғы 19 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келеді. Үйленген. Бір қыз және бір ұл тәрбиелеп отыр.
Секретарь наблюдательного совета
А.Тортаева - юрист ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №5 УЗАЖО. Контактные данные: раб.тел.:8(7262) 54- 47-15 (вн. 159), электронный адрес Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.




