2025 жылдың 29 қазан күні №5 қалалық емханада «Дүниежүзілік инсульт күніне» орайластырылған ашық есік күні өтті. СӨС мейіргерінен және профилактика бөлімінің мамандары әрбір тілек білдірген науқасқа қан қысымын өлшеп, қант диабетінің, қан қысымының, ОНМК –ның алғашқы белгілерінің алдын алу бойынша, диспансерлеуден және профилактикалық медициналық тексеруден уақтылы өту қажеттілігі, салауатты өмір салты принциптерін сақтау бойынша кеңес берді. БСК пайда болу қаупін азайту мақсатында белсенді өмірлік ұстанымды таңдауға, зиянды тамақ өнімдерін, алкоголь мен темекіні пайдаланудан бас тартуға, сондай-ақ инсульттің алғашқы белгілерін және олар туындаған жағдайда шұғыл әрекет ету тәртібін білуге үйретті. СӨС мектебінің және профилактика бөлімінің мамандары акцияға қатысушыларды салауатты өмір салтына шақыра отырып, ақпараттық-білім беру материалдарын таратты.